Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан жастары Францияның тағы 13 университетінде тегін оқуға мүмкіндік алады

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2023
  • 950

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Франция мен Қазақстан президенттерінің Ақордадағы кездесуі алдында «Болашақ» бағдарламасына жаңа 13 университет қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Болашақ» бағдарламасы аясындағы әріптестікті әрі қарай кеңейтеміз. Өздеріңіз білесіздер, Франция – өнеркәсіп елі. Әсіресе энергетика, коммуникация, компьютер ғылымдары, зымыран және әуе кемесін құрастыру салаларында ынтымақтастықтың әлеуеті зор», - деді министр.

Ведомство басшысы Тулуза қаласында Airbus компаниясының штаб-пәтері тұрғанын еске салды.

«Сондықтан ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, зерттеу орталықтарының санын кеңейтеміз. Сол арқылы біздің ғалымдар, магистраттар мен докторанттар тағлымдамадан өтеді», - деді Саясат Нұрбек.