Русский Сайттың толық нұсқасы

"40 жыл шай құйдым, енді жаңа келінге тапсырамын". Гүлзира Айдарбекова халықтан сүйінші сұрады

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2023
  • 1565

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келінін қалай қарсы алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл видеоны ол Instagram-парақшасына жүктеді. Видеода табалдырықты аттағанр келінге "отқа май құю" салты жасалып, кейін оған шашу шашылады. Сондай-ақ, продюсер келін атанып, шай құйып жүргеніне 40 жыл болғанын айтты.  

"Сүйінші! Келін келді! Аллаға мың да бір шүкір! Индира келінімізді абыроймен үйге алып келдік. Бақытты болыңдар, балапандарым! Алла бақтарыңды ашсын!" - деп жазған ол.