Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келінін қалай қарсы алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл видеоны ол Instagram-парақшасына жүктеді. Видеода табалдырықты аттағанр келінге "отқа май құю" салты жасалып, кейін оған шашу шашылады. Сондай-ақ, продюсер келін атанып, шай құйып жүргеніне 40 жыл болғанын айтты.
"Сүйінші! Келін келді! Аллаға мың да бір шүкір! Индира келінімізді абыроймен үйге алып келдік. Бақытты болыңдар, балапандарым! Алла бақтарыңды ашсын!" - деп жазған ол.