Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сазгер Ұлықпан Жолдасов өнердегі інісі Ғаділбек Жаңайдың өнерге алғаш қадам басқан кезін есіне алып, ел білмейтін қызықты оқиғаны бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ұлықпан Жолдасов өнердегі інісіне алғаш сахнаға шығарда үлкен қолдау көрсеткен. Ғаділбек Жаңай өнерге келуіне үлкен үлес қосқан ағасының жақсылығын еш ұмытпаған. Ол тіпті алғашқы табысын Ұлықпан Жолдасовқа берген. Әртіс бұл естелігін "Дастархан" бағдарламасына берген сұхбатында ақтарып айтты.
"Өнердегі қыз-жігіттің қазақ эстрадасына қосылуына мұрындық болғаным рас. Олар әлі күнге дейін менің атымды айтып жүреді. Ғаділбекті көріп отырып, қызық оқиға есіме түсіп отыр. Алғаш сахнаға шыққан кезі, халық жылы қабылдап, тойларға шығып жүрген еді. Бір күні бір қалта ақша әкеліп тұр. Ішінде 30 мың теңге бар. "Алғашқы табысымды сізге берейін" деді. "Өзің ала бер, ертең-ақ таусылып қалады" дедім. Айтқанымдай, ештеңеге жетпей қалды. Екі кесе шай ғана іштік", – деп өткен күнді күліп еске алды.