Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Ауыл мектебінің өркендеуі - қоғам игілігінің кепілі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Астанада "Ауыл мектебінің өркендеуі - қоғам игілігінің кепілі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған еліміздің 330-дан астам отандық мамандар мен шетелдік сапаршылар қатысты. Олар өз зерттеулерімен таныстырды. Мұғалімдер екі күн бойы секциялық отырыстар мен шеберлік-кластарда біліктіліктерін арттырып, пікір алмасады. Айта кетейік, "Назарбаев зияткерлік мектептері" ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған жобасын 2020 жылы бастаған. Нәтижесінде оқушылардың деңгейі 38 пайыз өскен. Сондай-ақ, 80 мектеп қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Алдағы уақытта олардың санын 200-ге жеткізілмек.

Әнуар ЖАНҒОЗИН, "НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ" ДББҰ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біздің назарымызда тек қана білім беру процесіне байланысты емес. Сонымен қатар тәрбие жұмысына балалардың әл-ауқатына байланысты сұрақтар талқылап отырмыз. Мамандар өз тәжірибесімен бөліседі. Сондықтан енді осындай шара ары қарай жалғастырамыз. Ең негізгі мақсат осындағы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтығын азайту.

Жеңіскүл МАРАТҚЫЗЫ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ /АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ/:

Педогогикалық шебер орталығы осы әріптестеріміздің арқасында көп мектебімізде өзгерістер болды деп айта аламын. Командалық жұмыс жасауда біздің мектебіміз, зерттеу сабақтары жұмыс жасауда. Жалпы бұл жобаға біздің мектебіміздің кіргеніне өте қуаныштымыз.