Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде отыз шетелдік азаматты жасырған

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде отыз шетелдік азаматты жасырып ұстаған. Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Сарыағаш ауданы аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан адамның қылмыстық әрекетін тоқтатты. Жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар барысында полицейлер Өзбекстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік шекара арқылы заңсыз кіру және шығу үшін сыйақыға қызмет көрсеткенін анықтады. Тексеру кезінде күдіктінің жаздық үйінен елде болу мерзімін бұзып жүрген Өзбекстанның 30 азаматы анықталды. Оларға ұсталған ер адам Өзбекстанға кедергісіз шығуға кепілдік берген.

Ғалымбек ТҰРЫСБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Ол шекарада кедергісіз өту бойынша қызмет көрсеткені үшін 130 мың теңге ақша алған сәтте ұсталды. Күдіктіден 2,5 млн теңгеге жуық ақша, екі ұялы телефон мен шетелдік азаматтардың құжаттары тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 394 бабы «заңсыз көші – қонды ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда.