Астанада өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды, деп хабарлайды Kazinform әкімдікке сілтеме жасап.
Алдағы демалыс күндері, 4 және 5 қарашада жоспарланған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі тоқтатылады.
Екі облыстың аграршылары ауа райының нашарлауына байланысты елордаға келмейді.
Айта кетейік, биыл жәрмеңке 2 қыркүйектен басталды.
Оған 15 өңірден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.
Олар Астанаға 10 мың тоннадан астам өнім жеткізді.