Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда туған екі адам АҚШ-тың қара тізіміне енді

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2023
  • 882

АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасы Қазақстанда туып-өскен екі адамды қара тізімге қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы жеке тұлғалардың арнайы қара тізімін жаңартты.

Бұл тізімде АҚШ азаматтары мен елдің тұрақты тұрғындарына бизнес жүргізуге тыйым салынған адамдар, ұйымдар бар.

Бұл тізімге Риддер қаласында туған Ресей Федерациясы Индустрия және сауда министрлігінің орынбасары Алексей Беспрозванных қосылды. Беспрозванных өңірлердегі, соның ішінде Қырым мен Севастопольдегі өнеркәсіптік саясат мәселелерімен және өндірістік инфрақұрылымды дамытумен айналысады. Ол асыл металдарды, асыл тастарды өндірумен, сондай-ақ сирек металдарды өндіру мен пайдалануды қадағалайды.

Сондай-ақ, Целиноградта (қазіргі Астанада) туған ресейлік Артур Петров қара тізімге енді. Ол АҚШ санкцияларын айналып өту желісін ұйымдастырды деген болжам бар.