Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында балалар мінген автобус өртеніп кетті

Арқалық қаласынан 60 шақырым жерде балалар мінген шағын автобус өртенді. Көлікте 14 адам - пәндік олимпиадаға бара жатқан оқушылар мен мұғалімдер болған. Бәрі де аман-есен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған. Автокөлік қалалық мәдениет бөліміне тиесілі. Бір ай бұрын техникалық тексерістен өткізілген көрінеді.

Қарлыға ЕСМУРЗИНА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қосымша тағы бір Газель жіберілді.Балаларды қайта Арқалық қаласына алып келуге.Бірақ балалар бәрі көңілді.Олимпиадаларын тапсырып, қазір үйлерінде. Ата-анасының қасында отыр.