Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуелсіздік декларациясын қолдаушылар қатары артып келеді

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2016
  • 2352

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» болашақ үшін маңызды құжат болмақ. «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясына жиналғандар осындай ой түйді. 180 делегат бас қосқан жиынға партияның хатшысы Наталья Годунова қатысты. Саяси ұйымның екі жылдық жұмысы қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалды. Декларация - еліміздің өсіп-өркендеу кезеңін қамтитын маңызды құжат екені баса айтылды. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова әлеуметтік саладағы реформалар халықтың әл-ауқатының жақсаруына оң әсерін тигізгенін айтты.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Тәуелсіздік жылдары тұрғындар саны 1 млн адамға өсіп, орташа өмір сүру жасы 4 жыл 3 айға артқан. Бұл жағымды үрдіс. Қазақстан халқы мен Павлодар облысының тұрғындарын ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын қолдауға шақырамын.

Партияның Қарағанды облысындағы мүшелері де декларацияны қолдайды. Белсенділер аймақта өткен есептік-сайлау конференциясында осындай пікір білдіріп, маңызды құжатқа бірауыздан дауыс берді. Шараға "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратының жетекшісі Ақылбек Ихданов қатысты. Жиналғандар құжатта Қазақстанда соңғы ширек ғасырда жасалған игі істер мен әлеуметік, экономикалық, саяси маңызды бағдарламалар түгел қамтылған деп отыр.

Бекзат Алтынбеков, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі:

Партияның сайлауалды «Бірлік», «Жасампаздық», «Тұрақтылық» сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған істер айтыла отырып, біздің, жалпы болашақтағы партияның негізгі міндеттері айқындалды. Партияның жеткен жетістігін саралайтын болсақ, ең бірінші, бұл еліміздегі бірлік пен жасампаздықты айтуымызға болады. Бүгін біз басқа мемлекеттермен салыстырғанда көш ілгері келе жатқан мемлекеттердің біріміз.