Русский Сайттың толық нұсқасы

800 мың теңгенің дөңгелегін ұрлауға жолаушы мен таксист көмектескен

Көмек көрсетемін деп, күдіктіге айнала жаздады. Астанада қарапайым тұрғын мен такси жүргізушісі ұрыға жәрдем бергені үшін полицияға жауап берді. Белгісіз адам бөтеннің гаражынан тал түсте құны 800 мың теңге тұратын дөңгелектерді қолды еткен. Ол ғимараттың есігін бұзып ашып, керегін өз мүлкіндей еш саспастан қолына іліп кете барған. Көшеде кетіп бара жатқан азамат ұрыдан еш күмәнданбастан, оның заттарын көлікке дейін көтерісіп барған. Жүкті көлігіне артқан такси жүргізушісі де көз алдында қылмыс болып жатқанын сезбепті. Олар құзырлы органдар жауап алуға шақырған кезде ғана мән-жайды білген.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрлыққа қатысы бар азамат кінәсін мойындап оның Астана қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға бар жоғы анықталуда.