Алматы-Екатеринбург тас жолында жан түршігерлік көлік апатынан 6 адам қаза тапты. Оқиға Ақсу- Аюлы кентінен 50 шақырымдай жерде болған. Кенет Volkswagen жеңіл автокөлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл машинаның жүргізушісі қалғып кетіп жолдың қарсы бетіне шығып кеткен,- деген болжам бар. Соққының қаттылығы сонша оқиға салдарынан Volkswagen - нің жүргізушісі мен 5 жолаушы тіл тартпастан көз жұмған. Ал жүк көлігінде жалғыз болған жүргізуші аман. Қазір оқиғаның мән- жайы тексеріліп жатыр.
Бекзат СӘУЛЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ППБ КОМАНДИРІ:
“Жол көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында Volkswagen автокөлінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза болды. Құрметті көлік жүргізушілер сіздерден жол ережесін, жылдамдықты қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды жолдың қарама- қарсы бетіне шықпауды сұраймыз”.