Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2023
  • 686

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

6 қарашада Алматы - Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.