Русский Сайттың толық нұсқасы

Ашық образдағы Жарқынай Ханайым желіде қызу талқыға түсті

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2023
  • 1009

Отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде жаңа образдағы суреттерін жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Аша Матайдың бұрынғы жеңгесі жаңа бейнебаян таспалауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым жеке өміріндегі өзгерістерден кейін шығармашылыққа кірісіп кеткен. Өнер иесі бүгінде "Түн-ай" атты жаңа туындысын жарыққа шығарып, бейнебаянның түсірілімін бастапты Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

Алайда шоу-бизнес жұлдызының клиптегі образы кейбір желі қолданушылардың көңілінен шыға қоймаған. Әнші бейнебаянға ашық образ таңдаған.

"Масқара, сізден мұндайды күтпедік", "Ел алдында жүрген адамды осындай халде көрген біртүрлі екен. Артыңыздан еріп келе жатқан қыздарға не тәрбие бересіз?", - деп жазуда оқырмандар.

Дегенмен әртістің образына тәнті болған жандар да табылды. Олар Жарқынайдың мінсіз мүсінді ару екенін жазуда.

"Жаза берсін. Сізге бәрі жарасымды", "Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Өзіне жарасып-ақ тұр", "Мінсіз мүсінді ару" , "Керемет, мына образы мықты шығыпты", "Қазақтың Николь Шерзингері", "Баласы бар ана деп кім айтады?", - деп жазды олар.