Русский Сайттың толық нұсқасы

Доллар бағамы өсті

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2023
  • 553

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,89 теңгеге көтеріліп, 464,49 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,66 теңгеге (+0,24) жетті.

Еуро бағамын Ұлттық банк 496,73 теңге, рубль бағамын 5,01 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464,9-467,5 теңге, еуро 496,5-499,5 теңге, ресей рублі 4,89-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

7 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 1,61%-ға төмендеп, барреліне 83,81 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,67%-ға төмендеп, барреліне 79,47 доллар болды.