Русский Сайттың толық нұсқасы

Қар басқан Саржал селолық округіндегі екі мың бас жылқы Абай ауданының өзге округтеріне жеткізілмек

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2016
  • 4428

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында төтенше жағдай жарияланды. Өңірде 40 градустық аяздан соң жарты метрден астам қар түсті. Боран ауыл-аймаққа қатынасты үзіп, халық азық-түліксіз, мал жем-шөпсіз қалды. Қазір Саржал ауылында арнайы техникалар жолды күреп жатыр. Елге азық, дәрі-дәрмек пен су жеткізу ұйымдастырылды. Жайылымдағы төрт түлік те омбы қардың құрсауында қалған. Қалың қарға батып қалған 2 мыңдай жылқы мен қой-ешкіні құтқару жұмыстары басталды. Олар Саржал ауылына емес, әзірге көрші елді мекендегі шаруа қожалықтарына жеткізілетін болды.

Марат Еділбаев, ШҚО Абай ауданы әкімінің орынбасары:

Біз қазір Саржал селолық округінің малын өзге округтерге жеткізу туралы шешім қабылдадық. Қабылдай алатын қыстақтарды анықтадық. Қазір бұл жұмыс жүріп жатыр. 2 мыңдай жылқы айдалады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ