Шығыс
Қазақстан облысының Абай ауданында төтенше жағдай жарияланды. Өңірде 40
градустық аяздан соң жарты метрден астам қар түсті. Боран ауыл-аймаққа
қатынасты үзіп, халық азық-түліксіз, мал жем-шөпсіз қалды. Қазір Саржал
ауылында арнайы техникалар жолды күреп жатыр. Елге азық, дәрі-дәрмек пен су
жеткізу ұйымдастырылды. Жайылымдағы төрт түлік те омбы қардың құрсауында
қалған. Қалың қарға батып қалған 2 мыңдай жылқы мен қой-ешкіні құтқару
жұмыстары басталды. Олар Саржал ауылына емес, әзірге көрші елді мекендегі шаруа
қожалықтарына жеткізілетін болды.
Марат
Еділбаев, ШҚО Абай ауданы әкімінің орынбасары:
Біз
қазір Саржал селолық округінің малын өзге
округтерге жеткізу туралы шешім қабылдадық. Қабылдай алатын қыстақтарды анықтадық. Қазір бұл жұмыс жүріп жатыр. 2 мыңдай жылқы айдалады.
Базаргүл
НӘДІРҚЫЗЫ