Атырауда тапа-тал түсте микроқаржы ұйымына қарақшылық жасалды. Медициналық маска киген ер адам үшкір затпен қорқытып, қомақты қаржыны алып тайып тұрған. Алайда ұры бой тасалап үлгермеді. Кеңсе тоналғаны туралы 40 жастағы әйел хабарлаған. Күдіктіні жедел басқару орталығы қызметкерлері анықтап, учаскелік полицейге бағыттама берген. Ұсталған 40 жастағы ер адамның 341 мың теңгені алып кеткені белгілі болды. Қазір оған қатысты «Қарақшылық» дерегі бойынша тергеп-тексеру басталды.