Сындарлы саясат және өзара тиімді нәтижеге ұмтылыс – Қазақстан мен Ресей диалогының негізгі ерекшелігі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне берген сұқбатында айтты. Ол сондай-ақ, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің елімізге қандай мақсатта келе жатқанын мәлімдеген.
Сұхбатта Президент Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелерімен бөліскен. Тараптардың бірлескен жобалары мен экономикаға тигізер пайдасына тоқталады. Ресей Президентімен Астанада өтетін алдағы кездесудің күн тәртібі өте ауқымды деді, - Мемлекет басшысы. Екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелері жан-жақты талқыланбақ.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл -аймақтар мен екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірегей әрі өте тиімді формат. Биыл Қазақстанның Қостанай қаласында жиын 19-рет өткізіледі. Іс-шараның тақырыбы – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық. Форум Ресей Президентінің Қазақстанға алдағы сапары секілді табысты өтеді деп сенемін.
Сондай-ақ, Президент бейбіт мақсатта қолданылатын атом саласындағы ықпалдастық – энергетикалық ынтымақтастығымыздың негізгі бағытының бірі деді. Бұл тұста Ресейдің Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз деп атап өтті. Алайда ол туралы нақты шешім референдум арқылы қабылданады.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады.
Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасына байланысты Ресей президенті де «Казахстанская правда» газетіне сұхбат берді. Владимир Путин өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен қандай қарым-қатынаста екеніне ерекше тоқталған.
Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірден шынайы дос болып кеткенімізді, жақын қарым-қатынас орнатқанымызды бірнеше рет атап өттім. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Біз бір уақыттың адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы орта қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз.
Сонымен қатар Ресей президенті Қазақстанмен қарым-қатынасының болашағы зор деді. Үлгі боларлық мемлекетаралық байланыстың озық үлгісін көрсетеміз деп сенім білдірді.
Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Ең бастысы, біздің халықтарымыз әрқашан тату көрші және шынайы дос болған және болып қала береді. Сенім, өзара түсіністік пен көпқырлы табысты ынтымақтастықтың баға жетпес дәстүрлерін нығайта отырып, біз басқаларға үлгі болатын мемлекетаралық байланыстың озық үлгісін сәтті жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Сондықтан әлемде қандай жағдай болса да, мен одақтастық қарым-қатынастарымыз бен интеграциялық әріптестігіміздің болашағына сеніммен қараймын.
Президенттер өз сұхбаттарында көлік-логистика, энергетика және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берген. Бұл экономикалық өсімге негіз болары сөзсіз дейді сарапшылар.
Ғазиз ӘБІШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Қазақстан мен Ресей бірге терең жұмыс істеп жатыр. Экономикада көбнесе. Сондықтан екі елге пайдалы процесс жүргізіліп жатыр. Енді ертең 9 қарашада В.Путин астанаға келейін деп жатыр. Бірнеше құжаттарға қол қойылады.
Бекнұр КИСИКОВ, ЭКОНОМИСТ:
Көлік логистикасы мен айтқанымдай, бізде энергия ресурстарының жартысынан көбі Ресей арқылы өтеді, сондықтан бұл біз үшін маңызды транзиттік жол. Ресейдің өзі үшін Қазақстанға деген қызығушылық біз арқылы Орталық Азия мен Қытайға өтеді, ол қазір әлемдегі ең үлкен тұтынушы болып табылады.
Екі тараптың мақсаты бір, тату көршілік пен өзара сенім. Сондықтан президент екі елдің де көздегені сындарлы саясат және өзара тиімді нәтиже деп атап өтті. Айта кетейік, ертең 9 қарашада Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға келеді. Олар Қостанайда өтетін форумға онлайн қатысады.