Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Хромтау ауданының еңбек ұжымдарымен кездесті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың жаңа шаралары туралы айтты. Светлана Жақыпова Ақтөбе облысына барып, Хромтау кеншілерімен кездесті. Министр кәсіпорындардың қызметкерлеріне арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізуді көздейтін заңнамаға әзірленген түзетулерді түсіндірді.

Хромтау тұрғындарының дені өндірістік мекемелерде жұмыс істейді. Өңірде бірнеше кәсіпорын бар. Сондықтан жиынға келген кеншілердің көпшілігін зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жандардың 55 жастан бастап зейнеткерлікке шығуы және оған төленетін төлемдердің мәселесі қызықтырды.

Марат ҚУАНЫШБАЕВ, ДӨҢ ТАУ- КЕҢ БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ПЕРСОНАЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі кездесу біздің шахтерларға өте қажет. Өйткені 55 жастан пенсияға құжаттары келіп, ертерек шықса бізге заявление жазады. Өздерінің 2015 жылдан бергі жинағы болса, солараға біз қарастырып, басқа жұмысқа аударамыз ба, жұмыстан шығарамыз ба? Осындай сұрақтар.

Бұл заң жобасы қазір Мәжілісте талқыланып жатыр. 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемді алу үшін ең бастысы зиянды жағдайда жұмыс істейтін кеншінің осы өндірісте жеті жыл еңбек өтілі болуы тиіс. Сол жағдайда ғана ол тиісті төлемдерін алып, жеңіл жұмысқа ауысуға да мүмкіндік алады.

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Заң жобасымен төрт көзден төленетін төлемдерді кәсіби төлемдер деп айтамыз. Ол бірінші республикалық бюджеттен, екіншіден жұмыс берушілердің есебінен, үшінші сақтандыру компаниялары есебінен және төртіншісі біріңғай зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы мөлшерінен төленетін төлемдер.

Бұл төлем мөлшері әр бір жұмысшының еңбекақысына, жиналған зейнетақысының көлеміне басқа жағдайларға қарай әр түрлі болмақ. Жиын соңында министр азаматтарды қабылдау жүргізіп, жеке сауалдарына жауап берді.