Русский Сайттың толық нұсқасы

«25 жасқа толмаған азаматтарға құмар ойын ойнауға тыйым салынады», - AMANAT

25 жасқа толмаған азаматтарға құмар ойын ойнауға тыйым салынады. Бұл ұсынысты «AMANAT» фракциясының депутаттары айтты. Өйткені бұл нарық жылжымайтын мүліктен еке есе асып түсті. Қазір 350 мыңнан аса адам лудомания дертіне шалдыққан. Құмарлықтың кесірінен 10 ерлі-зайыптының жетеуі ажырасады. Өзіне-өзі қол жұмсаған әрбір бесінші адам бәс тігіп, өмірден баз кешкен. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бұл мәселенің шешілуіне көмектесетін заң жобасын халықпен және мүдделі мемлекеттік құрылымдармен талқылау керегін айтты. Фракция депутаттары ұсынылған заң жобасын бірауыздан қолдады.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президент соңғы жылдары елімізде құмар ойын белең алып бара жатқаныны атап өтіп, осыған қатысты шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Біздің «AMANAT» фракциясының депутаттары осы әлеуметтік маңызы зор мәселені шешу үшін өзімізге үлкен жауапкершілік алып жатырмыз. Бұл ретте ойын бизнесі және латорея бизнес мәселесі бойынша заңнамалық түзетулер енгізу жөнінде бастаманы көтердік. Аталған жаңа нормалардың қабылдануы қоғамды бұл дерттен арылтып, жүйелі түрде сауықтыруға әсер ететіні, әрине, сөзсіз.