Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Ресей отандық компанияларға желтоқсанда 100 мың тонна Ресей бензинін жеткізу бойынша уағдаласу үстінде

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2016
  • 2867

Қазақстан мен Ресей энергетика министрліктері желтоқсан айында 100 мың тоннаға дейін Ресей бензинін жеткізу бойынша уағдаласып жатыр. Бұл туралы Үкімет қабырғасында Энергетика министрі мәлімдеді. Қанат Бозымбаев өткен сенбіде ресейлік әріптесі Александр Новакпен кездескен. Бұл көлем біздің мұнай өңдеуші үш зауытты толық қуаттылыққа шығару үшін жеткілікті, деді министр. Ол сонымен қатар, Астанада жанармай бағасының не себепті құбылып жатқанын да түсіндіріп өтті. Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстан Ресейдің АИ-92 маркалы бензинінің 30 пайызына тәуелді. Министр, бір-екі күнде бензин бағасы бұрынғы күйінде сақталады, деп отыр.


Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Ресейден келетін АИ-92 маркалы бензиніне Қазақстан шекарасында баға көтерілетіні байқалады. Қазақстанға қатысты баға неге көтерілді десек, себеп қарапайым. Башқұрт мұнай өңдеу зауытында меншік иесінің ауысуына орай, ішкі мәселелер орын алды. Аудит, тексерістер жүріп жатыр. Сондықтан қазір Қазақстанға жеткізілетін өнім көлемі азайтылды. Ал Омбы мұнай өңдеу зауытын ішкі нарықтарға бұрды. Омбы МӨЗ мен Ресейдің жақын маңдағы басқа зауыттарынан келісілген индикативті теңгерімге сай, жыл сайын біз 1 млн 100 мың тонна бензинді импорттауымыз керек. Новакпен қалған 100  мың тоннаны желтоқсанда жеткізу мәселесін талқыладық. Қазір баға 130 теңге көлемінде. Астанада 135 теңге деңгейінде. Екі-үш станцияда 128-129 теңгеден. Қарашада осы баға сақталады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ