Русский Сайттың толық нұсқасы

2050 жылға қарай әлемде азық-түлікке сұраныс 50 пайызға артады

2050 жылға қарай әлемде азық-түлікке сұраныс 50 пайызға артады. Сол тұста Қазақстан мен Ресей жер жаһанды азық-түлікпен қамтамасыз ететін қуатты мемлекеттер көшін бастайды. Қостанайда өткен өңіраралық ынтымақтастық форумында ғалымдар мен сарапшылар құнды пікір, толғамды ойымен бөлісті.

Осымен 19-ші рет өткізілген дәстүрлі жиын жұмысына 500-ден астам адам қатысты. Ресей Федерациясының 12 облысынан және Қазақстанның 8 облысынан делегация келді.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Форумның мақсаты – ауылшаруашылығы саласындағы әріптестікті нығайту. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналым 3,8 млдр долларға жетіп, 2021-ші жылмен салыстырғанда 23 пайызға өскен. Бүгінгі басқосудың арқасында қос мемлекеттің қарым-қатынасы нығайып, алыс-беріс арта түсері анық.

Ел диқандары ресейдің тұқым шаруашылығы, топырақ өңдеу, бау-бақша, тыңайтқыш өндірісі және сүт-тауар өндірісіндегі тәжірибесін тиімді деп санайды. Мәселен соңғы жылдары көрші мемлекет күздік бидай өндірісін терең меңгеріп, өнімділікті еселеді. Бұл тәжірибеге қазақстандық шаруалар да қызығып отыр. Екі елдің инвестиция әлеуеті де мол.

Әбілхайыр ТАМАБЕК, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Кез-келген инвестор біздің халыққа арзан азық-түлік шығарамыз десе, өзіміздің өнімдерді терең өңдейміз десе,біздің халықты жұмыспен қаматамасыз етеміз десе онда қуана-қуана қарсы аламыз.Сондықтан да сауда, тауар айналым мәселесі де өте маңызды.

Іскерлік кеңес барысында қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп саласындағы цифрлық технологиялар, жастар және ауыл шаруашылығындағы ғылым мәселелері кеңінен талқыланды.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Біздің ұлттық аграрлық университет базасында Темирязов академиясының филиалын ашуға болады.Екіншіден бізге сорт шығаруымыз керек.Бізге дебют шығаруымыз керек.Ондай үлкен мүмкіншілік бар.

Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумында агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселесі талқыға түсті. Қос елдің сарапшылары салаға жаңа технологияны енгізу жолдарын айтты.

Владимир КОРШУНОВ, «АГРОСИГНАЛ » КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ /РЕСЕЙ/:

Жалпы цифрландыру жүйесін енгізу екі елде де бәсең жүргізіліп жатыр.Енді ғана жаңа технологияны меңгеру керек екенін түсініп жатыр. Ауыл шаруашылық саласының бұл жүйесіз жұмыс істеуі өте қиын.

Өңіраралық форум аясында шекаралас өңірлердің басшылары өзара экономикалық ынтымақтастық туралы келісім құжаттарына қол қойды.