Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қарызға батып, жақындарымды алдадым", - тұрғын

Лудомания - 21 ғасыр обасы. Елімізде ойынқұмарлар саны өкінішке қарай жылдан-жылға көбейіп барады. Құмар ойынның кесірінен отбасылар ойран болып, жас жігіттер өзіне-өзі қол салып жатыр. Қазір тіпті лудомания арнайы диагноз болып, одан емделушілер саны да көбейген. Бұл дерттен құлан таза айығуға бола ма? Тілшімізді тыңдайық.

Бұл жігіт - 28 жаста. Он үш жасынан бастап компьютерлік ойындарды ойнап бастаған. Кейін 16 жасында бәс тігу, онлайн казиноға қаржы салған. Ақыры 1 жылда 80 миллион теңге қарызға кіріп кеткен. Кеселден құтылу үшін ем қабылдады.

Мақсат:

За 1 сет я мог проиграть до 15 миллионов... Бір ойында бір миллион теңгеге дейін мен ұтылдым. Осындай үлкен шығын болды. Ата-анаммен бірге санай кеоле мен 2017 жылы бір жылда 80 млн теңге ұтылыппын. Қарызға баттым өз жақындарымды, туыстарымды алдадым. Кәмелкетке толып микрокредиттер алуды бастадым. Қарыздан қалай шығарымды білмедім. Тіпті өз-өзіме қол салуды да ойладым.

Қазір ол ойыннан толықтай бас тартқан. Өз мамандығымен жұмыс істеп, қарыздарын қайтаруды бастапты. Қазір емдеу мекемелерінде жылына екі жүзге жуық адам осы дерттен ем алады. Олармен психолог, психотерапевт мамандар негізінен жұмыс жасайды. Ал толық емделу үшін төрт айдан алты ай уақыт кетеді. Одан кейін де бақылауда болады.

Әлихан ШАЙМАНОВ, «ЛУЧ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Рост людей игровой зависимостью идет ежедневно...Ойынқұмар жандардың қатар күн санап өсіп отыр. Біздің елімізде әсіресе жағдай қиындап барады. Уақтылы емдеп, қолға алмаса мұның ақыры жаман болмақ. Бұл құмарлықтан адамды дер кезінде көмектесіп, айықтырмаса. Ақыры аурухана, түрме не болмаса өз-өзіңе қол салу секілді қиын жағдаймен аяқталуы мүмкін.

Мамандар негізінен ойынқұмар жандар дәрігерлік көмекке тек екінші сатыда жүгінетінін айтады. Жас жігіттің мойында млндаған қарыз, отбасында кикілжің, тіпті өмірден баз кешу. Бүгінде жарнамасы жер жарған букмекерлік кеңселер, онлайн казиноларды жастарды еріксіз еліктіреді. Ал бір қызығы, бұл дерт дәрімен емделмейді.

Дина ТІЛЕУБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХИАТР-ДӘРІГЕРІ:

Не какими лексарствами это не лечится..Бұл дерт ешқандай дәрімен емделмейді. Бұған тек оңалту керек. Уақыт пен сабыр керек. Ойынқұмарлықтың басқа дерттен айырмашылығы неде? Десек. Ол химиялық тәуелділік емес. Маған келген жастардан мен бірден психиатрия бар ма соны анықтаймын. Келген адамның 99 пайызында психиатрия жоқ. Олардың ойы (Мышление) дұрыс емес.

Ойынқұмарлардың көпшілігі жасырын, жеке клиникаларда емделгенді жөн көреді екен. Ал елімізде жылына үш мыңнан астам адам суицид жаса, соның 40 пайызы осы ойынқұмарлықтың жетегінде кеткен жандар екен.