Русский Сайттың толық нұсқасы

Алпыс жастағы тұрғын есірткі сақтаған

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2023
  • 1097

Атырауда аса ірі мөлшерде экстракциялық апиын есірткісін сақтаған күдікті ұсталды.

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Авангард ықшам ауданында орналасқан көпқабатты пәтерлердің бірінде есірткі заттарын сақтаумен айналысады деген күдікпен 60 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті азаматты тінту кезінде сырт киімінің қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар 12 орам тәркіленді, сондай-ақ пәтер ішінен сұйықтық ыдыста кептірілген көкнәр шөбі және жасыл түсті өсімдік тектес 29 сіріңке қорабы табылды. Айта кетейік, күдіктінің бұрын-сонды есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен сотталғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша алынған заттардың салмағы 4.04 грамм болатын аса ірі мөлшердегі экстракциялық апиын есірткісі екені белгілі болды. Экстракциялық апиын – шикі апиыннан әртүрлі өңдеу және суды буландыру арқылы алынатын есірткі өнімі. Бір дозасының адам ағзасына әсері алты есе жоғары және зиян. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.