Русский Сайттың толық нұсқасы

Бала-шағасы қатты жылады. Кореяда жұмыс істеген әйел елге 8 жылдан кейін оралған

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2023
  • 835

Әлеуметтік желіде 8 жылдан кейін аналары Оңтүстік Кореядан оралған отбасының видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бала-шағасын таңғалдырып, маска киіп келген. Сосын шешкен кезде балалары қуанып, бәрі қуаныштан көз жастарына ерік беріпті.

Желі қолданушылары ол әйелдің 8 жылда бірде-бір рет үйіне келмеді дегеніне таңғалып жатыр.

«8 жылда Кореядан бірде-бір рет келмеген анасы тас жүрек емес шығар», «Ондайлар көп, үй алу үшін, балаларын оқыту үшін жүре береді», «Қосылып жылағандар, біргеміз», «Қандай қуаныш, қандай бақыт! 8 жыл өтсе де келді. Сезініңдер, бағалаңдар бұл бақытты», «Балалары есейіп кетіпті, өксіп жыладым», «8 жыл жүретіндей не болды екен? Сотталып шығып келген емес пе, әлде тұрмыс құрған ба? Осы жағы түсініксіз» деген сарындағы пікірлер бар.

Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, Оңтүстік Кореяда 7-8 мыңға жуық Қазақстан азаматы заңсыз жұмыс істейді. Ал жақында осы мәселені көтерген Нартай Аралбайұлы ол жақта 20 мыңнан астам отандасымыздың заңсыз жұмыс істеп жүргенін айтқан.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, Кореяда өзге мемлекеттен барған ер жұмысшыға күніне 100 доллардан жоғары, әйелдерге 50 доллардан жоғары төлейді.