Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде тергеу изоляторынан қашып кеткен екі күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2023
  • 738

Ақтөбе қаласындағы тергеу изоляторынан 19 және 25 жастағы екі күдікті қашып кетіп, ұсталды.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 12 қараша күні қашып кеткен күдіктілерді іздестірді. Олар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тергеу изоляторына жеткізілгенімен, бой тасалап үлгерген. Бұл деректі полиция растады.

- Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған адамдарды ұстады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Әзірге күдіктілердің қалай қашып кеткені айтылмады. Тіпті оларға жауапты қызметкерлерге қандай жаза тағайындалғаны белгісіз.