Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу болып өтті

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2016
  • 7971

«Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» жобасы аясында Астана қаласының жастар саясаты басқармасы мен «Жас Отан» жастар қанаты тәуелсіздік құрдастарын салтанатты түрде қабылдады. Мұндағы басты мақсат - жастармен емен-жарқын әңгіме өрбіту. Тәуелсіздіктің құрдастары ширек ғасырда жеткен жетістіктерін айтып, еліміздің жеткен жетістіктерін түгендеді. Мысалға, Ержан Сансызбаев - мәдени сала қызметкері. Бүгінде ән мен күйді шетелдерде орындап жүрген ол өзге мемлекеттерде Қазақстанның беделі артқанын аңғарған.

Ержан Сансызбаев, тәуелсіздік құрдасы: 

Осы тәуелсіздіктің арқасында деп ойлаймын, қазір Еуропа болсын, шығыс болсын, көптеген мемлекетке шығып, өз өнерлерімізді көрсетіп жүрміз. Міне, Еуропада болдық, Италия, Австрия елдерінде, бұрын осыдан 7-8 жыл бұрын Қазақстан дегенде, ойланып барып білетін, қазір айтсаң, бірден біледі. Астанасы қандай, Президенті кім, жетістіктерін, бәрі біледі.

Жиынға «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі, Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшілерімен қатар, қоғам қайраткері Мұрат Әбеновте қатысты. Аға буын кешегі қиындау сәтте еліміздің қандай қиындықтарды бастан өткергенін, бүгінгі тәуелсіздіктің арқасында жастарға бар мүмкіндік жасалып отырғанын айтты.  Ал, белсенді жастар қонақтарға сауалдарын қойып, жауаптарын алуға мүмкіндік алды. Кездесу соңында өз саласында үздік қызмет атқарып жүрген жастар арнайы сый- сияпаттан да құр қалмады.

Ербол Рыспаев, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Бүгінгі жиын ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Жастардың арасындағы жас ғалымдарды, мәдениет үздіктерін, спортта жетістікке жеткендерді марапттап, сый-сияпат табыстамақпыз. Жалпы Астана - жас қала әрі жастардың қаласы. Сондықтан жастар бізге әрдайым көмектесіп отырады. Болашақта да осылай болатынына сенімдіміз. Еліміздің өркендеуіне жастардың қосар үлесі зор.