Русский Сайттың толық нұсқасы

Садақ атудан Азия чемпионы Андрей Тютюн елге жеңіспен оралды

Азия ойындарынан тұңғыш рет ересектер арасындағы садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Андрей Тютюн жеңіспен оралды. Спортшыны Астана әуежайынан туған-туыстары мен жанкүйерлері қарсы алды. Құралайды көзге атқан спортшымыз небәрі 17 жаста. Жарысқа әлемнің 27 мемлекетінен 222 спортшы қатысқан. Сарықұрлық бәсекесінде ел намысын 16 спортшы қорғады.

Андрей ТЮТЮН, АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ:

Көңіл күйім керемет. Жарыс ойдағыдай өтті. Біз 50 метрде орналасқан нысанаға аттық. Қарсыластар өте мықты болды. Бүгін мені осылай күтіп алып жатқан бәріңізге көп рақмет. Алда әлем чемпионатына дайындаламын. Тек жеңісті күндер көп болсын.

Малғаждар ТАТКЕЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ "АЛТЫН ЖЕБЕ" САДАҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Халықаралық дәрежелі спорт шебері Андрей Тютюн бірінші орын алып отыр тұңғыш бірінші чемптоны Қазақстаннан осы болып отыр. Бәріңе енді белігі Азия мемлекетінде бұл спорт садақ ату деген үлкен деңгейде. Алтын жебеден бізден сол үшеуі қатысты. Бір ұлы мінекей чемпион болып отыр Андрей Тютюн.