Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мемлекеттік сатып алу жүйесінде кемшілік көп",-депутат

Жемқорлар енді тендерге қатыса алмауы мүмкін. Бұл шектеу жаңа заң жобасында қаралуда. Жобаны депутаттарға қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл таныстырды. Құжат сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер мен жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Парламент қабырғасында ұсыныс қызу талқыланды. Депутаттар мемлекеттік сатып алу жүйесінде кемшілік көп дейді. Олқылықтарды жою үшін бірлесе белсенді жұмыс істеу керек.

Дәурен КЕҢБЕЙІЛ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарының қатарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу қосылды. Әлеуетті өнім беруші, оның басшысы немесе құрылтайшысы бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды.