Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарашада Қашағаннан 600 мың тонна мұнай өндірілді - С. Мыңбаев

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2016
  • 3199

Қарашадан бері Қашағаннан 600 мың тонна мұнай өнділіріп, экспортталды. Ақордада президент қабылдауында болған "Қазмұнайгаз" басшысы Сауат Мыңбаев осылай деді. Кездесу кезінде ұлттық компанияның 9 айда атқарған жұмыстары мен жоспары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ саласындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысын сұрады. Кездесуде Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттыру да сөз болды. Қашаған мен Қарашығанақ жобалары да тілге тиек етілді. Сауат Мыңбаев ұлттық компания биылғы жылдан табысты шығады деп отыр.

Сауат Мыңбаев, "Қазмұнайгаз" АҚ ҰК басқарма төрағасы:

"Қазмұнайгаз" жағдайы жақсы десек болады. Мұнай бағасы төмен болғанымен, ептеп кішкене көтерілді. Дегенмен, ақырғы кезде төмендегені бар. Дегенмен, жылдың нәтижесі прибыльмен шығамыз ба деп отырмыз. Егер мұнай көлемін айтатын болсақ, "Қазмұнайгаз" мөлшері былтырғы көлемдей болайын деп отыр.