Русский Сайттың толық нұсқасы

Айгүл Иманбаеваның құпиясы ашылды

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2023
  • 13109

Қазақ эстрадасының белді өкілі Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестерімен қай деңгейде араласатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақботаның айтуынша жас күніндегідей өнердегі әріптестерімен шүйіркелесіп, бас қосу азайған.

“20-30 жылдан бері өнердегі әріптестерімен бір сахнада жүрміз. Алайда заман ағымына сай күйбің тірлікке алаңдап, бас қосуымыз азайды. Отбасы мен бала-шағаның қамы деп шапқылап жүрміз. Құрбыларыммен тек концерт пен мерекелік кештерде ғана көрісіп қаламын. Алғаш сахнаға шыққанда концерт пен тойдан кейін міндетті түрде бір әншінің үйіне барып бастаңғы жасаушы едік. Қазір концерттен кейін тіке үйге қайтамыз”, – дейді әнші.

Десек те, әнші өнерде жүрген бір ғана жан құрбысының атын атады.

“Жас ұлғайған сайын таныс көбейіп, дос азаяды екен. Қазір ең жақын құрбым – Айгүл Иманбаева. Лондонда білім алып жүр. Жақында отбасында жақсы жаңалық болды. Ұлы үйленіп, келін әкелді. Бірақ халыққа жариялаған жоқ. Өйткені Айгүлдің әкесі о дүниелік болған күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан әзірге халық білмейді. Оқуын аяқтап келгеннен кейін үлкен той жасауға ниетті. Біздің қызметте жүретініміз анық. Айгүл – менің екінші ұлым Ақанның өкіл шешесі. Екеуміздің аналарымыз да жақын құрбы. Сол кісілердің сыйластығы Айгүл екеумізді құрбы етті”, – дейді өнер қайраткері.