Русский Сайттың толық нұсқасы

Актер Ерік Хамидуллаевтың тұңғышы дүниеге келді

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2023
  • 838

Наурыз айында шаңырақ көтерген актер Ерік Хамидуллаев алғаш рет әке атанды. Жұлдызды отбасында қыз бала дүниеге келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы актер Instagram парақшасында жариялады.

"Алланың қалауымен ата-ана атандық", - деп жазды Ерік Хамидуллаев.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қуанышына ортақтасып, жылы лебізін арнады.

"Бауы берік болсын", "Құттықтаймыз", "Ең керемет жұп. Көз тимесін", "Қуаныштымын", "Ғұмырлы болсын", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, отандық актер Ерік Хамидуллаев 2022 жылдың желтоқсанында сүйіктісі актриса Ақниет Беласароваға үйленуге ұсыныс білдірген болатын.