Русский Сайттың толық нұсқасы

122 қазақстандық азамат Газа секторынан эвакуацияланады

122 қазақстандық азамат Газа секторынан эвакуацияланады. Газа секторынан Мысырға қарай Рафах бақылау-өткізу бекетінен өтуге рұқсат етілген шетелдік азаматтардың тізімі жарияланды. Олардың арасында қазақстандықтар бар. Тізімде көрсетілген тұлғалар тиісті рәсімдерден өтуі үшін «Рафах» бақылау-өткізу бекетінің сыртқы өткелінде болуы тиіс. Бүгін Газа секторынан қазақстандықтармен бірге Солтүстік Македония, Финляндия, Иордания, Ұлыбритания, Испания, АҚШ және Дания сынды бірнеше елдің азаматтары шығады.