Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ертіс" футбол клубы қайта жандануы мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2023
  • 701

Болгар бапкері Димитар Димитров пен серб маманы Милан Миланович павлодарлық клуб тарапынан қарызды қайтару мәселелерінде айтарлықтай жеңілдік беруді ұйғарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Meta-ratings порталының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ бұл жаттықтырушылардың бапкерлік штаб өкілдері де осындай шешім шығарғаны белгілі болып отыр. Бұл мәліметті порталға қос бапкердің ісін жүргізетін шетелдік агенттік өкілдері хабарлаған. Қазіргі уақытта "Ертісте" бұрын ойнаған және жұмыс істеген басқа шетелдіктер бойынша белсенді келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылады. Қазақстан тарапынан бес дүркін чемпион болған клубты жандандыруға мүдделі облыстық футбол федерациясы келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Еске салайық, "Ертіс" 2020 жылы қарызына байланысты Қазақстан чемпионатынан шыққан. 64 жастағы Димитров павлодарлық клубта 2015-2017 жылдары, сондай-ақ 2018-2019 жылғы маусымдарда жұмыс істеген. Милан Милановичке келетін болсақ, балқандық маман "Ертісті" 2019-2020 жылдары жаттықтырған.