Петропавл тұрғыны есірткіні жұмысындағы автокөлікпен тасымалдаған Авторы Ақмарал Махамбетәлі 14 Қараша 2023 ж., 17:28 жарияланған 15 Петропавл тұрғыны есірткіні жұмысындағы автокөлікпен тасымалдаған.
34 жастағы петропавлдық есірткіні таратқаны үшін биылғы жылдың сәуір айында ұсталды. Ол синтетикалық есірткінің партияларын қабылдап алып, алдын ала жоспарланған орындарға жасырып отырған. Тыйым салынған заттарды тасымалдау үшін өзі жұмыс істейтін кәсіпорынның автокөлігін пайдаланған. Ер адам 9 және 11 сәуір күндері жоғарыда отырған “кураторларымен” жазыса отырып, α-PvP есірткісі салынған екі үлкен пакетті іздеп тапты. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оны Петропавл қаласының шетінде орналасқан Мещан орманында ұстады. Ұсталған ер адамнан жалпы салмағы 22,91 грамм болатын психотроптық заттар салынған 51 түйіншек тәркіленіп алынды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.
– Тергеу барысында ұсталған ер адамның өткен жылдың желтоқсан айында есірткі таратумен айналыса бастағаны белгілі болды. Әдетте есірткі дилерінің жұмысы көпке созылмайды. Қазіргі уақытта қала тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды, соттың үкіміне сәйкес шығарылған 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр, – дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Руслан Сапаров.