Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық оқушы сыныптасынан 350 мың теңге бопсалаған

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2023
  • 657

Қарағандыда жасөспірім сыныптасын бопсалағаны үшін жауапқа тартылды. Ол сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, деп хабарлайды ІІМ.

Ведомство хабарына қарағанда, 39 жастағы әйел полицияға арызбен жүгінген. Ол белгісіз біреу 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын айтып шағымданды. Әйелдің айтуынша, ұлы ақшаны жібермеген жағдайда күдікті оқушының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама тарататынын айтып, бопсалаған. Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады. Ол жәбірленуші жасөспірімнің 15 жастағы сыныптасы болып шықты. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтқан. Ведомство дерегі бойынша, қазіргі таңда мектеп оқушысын есепке қою әрі ата-анасын жауапқа тарту сұрақтары қарастырылып жатыр екен.