Бүгін – Ұлттық валюта күні. Атаулы күнге орай, банкноталардың жаңа сериясы таныстырылды. Дизайны "сақ стилі" элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді. Жаңа банкноталар толықтай дайын болған кезде айналымға енеді. 5 000 теңгелік жаңа номинал осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады. Халықаралық тәжірибе қолданылған. Жалған ақша жасауға жол бермеу мақсатында қорғаныш қабілеті кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Айта кетейік, жаңа дизайндағы теңге қолданысқа толықтай енгеннен кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар айналымнан біртіндеп алына бастайды.