Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте отбасы құндылықтарын дәріптейтін өңірлік әйелдер қанаты жұмысын бастады

Шымкентте отбасы құндылықтарын дәріптейтін өңірлік «әйелдер қанаты» жұмысын бастады. «AMANAT» партиясы қолдау білдіріп отырған саяси ұйымның мақсаты - әйелдердің қоғамдағы рөлі мен мәртебесін көтеру. Нәзік жандылардың белсенділігін арттыру. «Бүгінде саясатта, мемлекеттік басқаруда, кәсіпкерлік саласында әйелдердің мүмкіндігі артқан. Біздің негізгі мақсатымыз – әйел мәртебесін көтеру, олардың ғылымдағы, қоғамдағы рөлін айқындау, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу. Сондай-ақ, отбасы құндылықтарын дәріптеу, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету және басқа да бағыттарды қолға алуды көздейміз», - деді Партия Хатшысы Шолпан Каринова. Айта кетейік, Шымкенттегі дағдарыс орталығына былтыр 448 әйел көмек сұрап, қиын жағдайда жүгінсе, жыл басынан бері олардың саны 500- ден асқан. Көмек орталығын паналағандардың ең үлкені -78 жастағы кейуана болса, ең кішісі- 11 жаста.

Малика ЖҮСІПОВА, КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Әйел баласы өзінің балаларын енді күйеуі оны асырай алмағаннан кейін, ата-енесі асырай алмағаннан кейін ол қалай болса да өзінің баласын асырауға соған біз әрекет жасаймыз. Сөйтіп оларды оқытып, мына қазіргі болып жатқан гранттар бар ғой, 500 мыңдық, 1 млн-дық соларға соны алып, соны жәйлап дөңгелетіп, кішкене кәсіпкерлік ашып , аяққа тұрып кеткен бізде әйелдеріміз бар.