Жастар арасында аса танымал блогер Дархан Жолшыбеков ата-анасына жасаған сыйын көпшілікке көрсетті. Ол Instagram парақшасында әке-шешесіне 80 млн теңгелік пәтер алғанын айтты.
"Анамның арманын орындадым. Алматының төрінен 80 млн теңгеге пәтер алдым. Ана-әке, қоныс құтты болсын", - деді блогер.
Видеодан Дарханның ата-анасының көзін байлап, сыйға алған пәтерге апарғанын көруге болады. Ал олардың көзін ашқаннан кейін әке-шешесіне үйдің кілтін табыстайды. Видеода блогердің анасы баласы мен келініне батасын беріп, алғыс айтады.