Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттық тобы Батыс Қазақстан облысында әскери-патриоттық шаралар өткізді

"Қазақстанның тірегі - айбынды жастар." Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттық тобы осындай ұранмен Батыс Қазақстан облысында жастармен кездесулер өткізіп, әскери патриоттық іс-шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Жақында 96 жасқа толған Константин Кочережкинге барып, қарт майдангерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеп, соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді. Жалпы азаматтардың патриоттық сезімін арттыруға бағытталған шараларға екі мыңға жуық адам қамтылды.