Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,9 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,55 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 16 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,53 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 462,1 теңге, сатып алу – 464,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 461 теңгеден болса, сатып алу – 465
Алматыда Ресей рублі 5,07-5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,13-5,23 теңгеден сатылымда.