Русский Сайттың толық нұсқасы

Степногорск қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2023
  • 919

Ақмола облысы Степногорск қаласының инфрақұрылымы дамып келеді. Газ қазандығын салуға жоба әзірленіп, жер учаскесі бекітілді. Осы уақытқа дейін 35 шақырымнан астам жол жөнделді. Жеке инвесторлар есебінен 500 орынға лайықталған қалалық мешіттің құрылысы жүріп жатыр. 400 орындық мәдениет үйінің жобасы әзірленді. Халықты қолжетімді бағадағы баспанамен қамту мақсатында 45 пәтерлі тұрғын үй салынуда

Биыл Степногорск қаласында "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жоба аясында несиелік үш 5 қабатты тұрғын үй бой көтеруде. Оған қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі жауапты. Құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 1 миллиард 730 миллион теңге бөлінді.

Асхат ИГБЕРДЕНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Общая площадь застройки 2399 квадратных метров.... Құрылыстың жалпы ауданы 2,5 шаршы метр. Бұл нысандардың құрылысына отандық өндіріс материалдары пайдаланылады. Олар кірпіш, цемент, арматура, бетон. Барлығы отандық өнім. Бұл құрылысқа 45-ке жуық қызметкер, 70-ке жуық техникасы бар мердігер жауапты.

Бұл үйді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Былтыр 100 отбасы қоңыс тойын тойлаған болатын.

Алпысбай ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,1 миллиард теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 70,5 пайыз. 1613 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бүгінде Степногорск қаласында баспана кезегінде 2 мыңнан астам адам тұр. Келер жылы тағы 3 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.