Русский Сайттың толық нұсқасы

"10 есе өзгердім". Ақерке Бүркітбай әсерлі жазба жариялады

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2023
  • 988

Танымал әнші Ақерке Бүркітбай ана атанғалы қандай өзгерістер болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында бөлісті. Зейн Әлиұлы 9 айға толған. 

"Ата атанғалы он есе өзгердім. Қалай? Қай жағынан? Ана атанғалы менде әрбір эмоция 10 есеге өсті. Қуаныш, уайым, таңғалу, мақтан тұту, шкі сезім, мотивация, өмірге деген құлшыныс еселенгені ерекше сезіледі. Ана болу – керемет сезім.  Бүгін Зейін батырымыз 9 айға толды. Тәтті қылықтары шығып, бізді қуантуда. Өзі отырып, балдай тәтті тілі былдырлап шығып та келе жатыр. Сонымен қатар балапанымыздың төртінші тісі шығып келе жатыр. Жалпы, саяхаттау туралы, бала күтімі жайлы, баланы дұрыс тамақтандыру жайлы түрлі тақырыпта жүректен шыққан ерекше сезімдеріммен және аз да болса тәжірибеммен жиі бөліссем деймін. Ол үшін Сіздердің тараптарыңыздан маған кері байланыс болса болғаны", - деп жазды әртіс.