Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда дәрігерлер инновациялық әдіс арқылы ауыр науқас әйелді құтқарды

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2023
  • 957

Қазақстандық кардиохирургтар науқастың жүрегіне операция жасамай-ақ жүрек қақпағын ауыстырып, аман сақтап қалды,-деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Үш жыл бұрын Елена Нұрахметоваға митральды қақпақша имплантацияланды. Кейін импланттың зақымданды, денсаулығы күрт нашарлай бастаған әйелге қайта ота жасау керек болды. Операцияға дайындық бір айға жуық уақытты алды.

Дәрігерлер Ұлттық кардиохирургия орталығында зерттелген озық технологияны қолдануды ұйғарды. Оларға көмекке астаналық әріптестер келді. Мамандар феморальды тамырдағы пункция арқылы қажетті әрекеттерді жасады. Дәрігерлер бұл әдісті алғаш рет қолданды.

Манипуляция сәтті өтті. Қазір Нұрахметова жазылуға дайындалып жатыр. Бұл технология Павлодар кардиохирургиялық орталығында жасалған аз инвазивті хирургиялық араласулар тізіліміне енгізілді.