Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында қасқырдың малға шабуы жиілеген

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2023
  • 1075

Жыртқыштардың санын азайту шаралары екі жылдан бері қолға алынбай келеді, осы уақыт ішінде олардың саны айтарлықтай өсті.

Жергілікті халық бұл мәселені Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен кездесуінде айтты.

Қасқырлар малға шабуыл жасап, елді мекендер аумағына кіріп жүр, олардың адамдарға шабуыл жасау жағдайлары да тіркелді. Қариялардың айтуынша, оларды ату жұмыстарын қазір, бірінші қар жауғанда және ақпан айында жүргізу керек.

Бұл мәселені шешу үшін заңнама аясында аңшыларға қасқырлар санын азайту мақсатында оларды атуға лицензия беру жұмыстары жүргізіледі.