Русский Сайттың толық нұсқасы

"Биыл 6 бала туыстарының қолынан қаза тапты", – Динара Зәкиева

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2023
  • 771

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева екібастұздық 7 жасар Милананың өлтірілуіне қатысты пікір білдірді. Жантүршігерлік қылмысқа баланың анасы мен оның танысы күдікті деп танылып отыр.

«Биыл елімізде 25 бала көз жұмды, оның 6-ы жақын адамдарының қолынан қаза тапты. Кісі қолынан мерт болған 7 жасар қыз табылды. Алдын ала болжам бойынша, қылмысқа күдікті ретінде ұсталған баланың анасы кінәсін мойындады. Бұл отбасының басқа балалары арнайы орталыққа орналастырылады», – деп мәлімдеді Динара Зәкиева.

Оның айтуынша, мұндай ауыр зардаптар көбіне келеңсіздіктің, ішімдіктің, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарынан туындап жатады.

«Тергеу шаралары кезінде 70% жағдайда оқиғаны міндетті түрде әлдекімнің көрген, білген, бірақ ол туралы хабарламаған, жағдайға араласқысы келмеген, қорқып кеткен және т.б. жайттары анықталып жатады. Осындай жантүршігерлік зардаптар мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың бір жолы – сіз бен біздің араласуымыз. Егер сіз балалардың өміріне қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз, естісеңіз немесе білсеңіз, «111» немесе «102» телефон нөмірлеріне хабарласыңыз», - дейді ол.

Ол әлбетте, ақпараттың тексерілетінін, бірақ қауіп расталса, біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын айтады.

«Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік органдармен және депутаттармен бірлесіп әзірлеген балалар қауіпсіздігі туралы заң жобасында қарастырған заңнамалық өзгерістер өте маңызды. Қолдау тапқан өзгерістер туралы мен бұрын жазғанмын, ең маңызды түзетулердің бірі – балаларға қатысты зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту. Өйткені жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету арқылы біз ауыр зардаптардың алдын аламыз; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық жағдайында татуласуды болдырмау; отбасыларға көмектесу инфрақұрылымын қолға алу, алдын алу және т.б. Қазіргі уақытта заңда барлығы 109 түзету бар», - деді балалар омбудсмені.

Ол сонымен қатар барлық ҮЕҰ-мен бірлесіп одан әрі шешімдерді әзірлеу үшін әлеуметтік зертхана құру туралы айтты.

«Үшіншіден, бізге кадрлар қажет. Заңдарды қабылдағанда олардың орындалуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазір 6,8 миллион балаға небәрі 303 қорғаншылық қызметкері бао, яғни бір қызметкерге 22 мың баладан келеді. Дегенмен, олардың міндеті кең ауқымды жауапкершіліктерді қамтиды. Бұл ретте әлемдік тәжірибе көрсеткендей, 5 мың балаға 1 қызметкерден келуі тиіс. Қазір біз бұл мәселені депутатпен шешу үстіндеміз. Олар бізді қолдайды және біз алдын алудың негізін қалыптастыра аламыз деп сенемін», - деді ол.