Русский Сайттың толық нұсқасы

Қор нарығында доллар арзандады

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2023
  • 685

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,27 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462,56 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 463,1 теңге, сатып алу – 465, 07 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 461 теңгеден болса, сатып алу – 466 тг.

Алматыда Ресей рублі 5,09 – 5,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,12 – 5,25 теңгеден сатылып жатыр.