Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзбекстанда 70 мың адам ел президентін мерзімінен бұрын таңдады

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2016
  • 2568

Өзбекстанда 70 мыңға жуық адам ел президентін мерзімінен бұрын таңдады. Бұл туралы "Газета.uz" Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап, хабарлады. Президент сайлауы 4-ші желтоқсанға, яғни осы жексенбі күнге белгіленген болатын. Бірақ 24-ші қараша мен 2 желтоқсан аралығында мерзімінен бұрын дауыс беруге рұқсат етілді.

Елді басқарудан төрт кандидат дәмелі. Оның бірі - президенттің қызметін уақытша атқарып жүрген Шавкат Мирзиеев. Сондай-ақ Хатамжон Кетмонов, Наримон Умаров, Сарвар Отамурадов.

Еске салайық, Өзбекстанды 27 жыл билеген Ислам Кәрімов 28 тамызда ауруханаға түсіп, 2 қыркүйекте қайтыс болған еді.