Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әйелдер бармайды": Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы көкпарға барғаны үшін сынаған көпшілікке жауап берді

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2023
  • 1904

Әнші Мейрамбек Бесбаев бірнеше күн бұрын Әулиеата өңірінде өнер адамдарының қатысуымен жаппай көкпар өткізген болатын. Көкпарға барған әншінің жұбайы Мархабат өзін сынаған көпшілікке Instagram парақшасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі Мархабатқа "Көкпарға әйелдер бармайды ғой. Сіздер неге бардыңыздар?", - деп хат жолдаған. Ал әншінің жұбайы мұндай ырым туралы бірінші рет естіп тұрғанын жеткізді.

"Мұндайды бірінші рет естіп тұрмын. Әжем мен анам “Көкпарға кішкентайымызда көп баратын едік” деп айтатын. Көкпар болатын жердің жанына қанша киіз үй тігілді. Қазан-қазан тамақ дайындалды. Көкпар басталғанда “Әйелдер бармайды” деп ешкім айтпады. Керісінше, “Барып көрмейсіздер ме?” деді. Көкпар басталғанда барып көріп, қайта жұмысқа кірістік”, - деп жауап берді Бесбаевтың әйелі.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын танымал әнші Мейрамбек Бесбаев туған өңірінде салым қоры 25 млн теңге болатын